Жұлдыз Құспанова: "Қазақстандағы билік транзиті – тұрақтылық пен дамуға деген беталыс"

4126

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері жаңа Президенттің саясатын қолдап отыр. 

Жұлдыз Құспанова: "Қазақстандағы билік транзиті – тұрақтылық пен дамуға деген беталыс"

Өзінің азаматтық ұстанымын білдірген "Мария ханым" сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанова бизнесін одан әрі жүргізе отырып, оны гүлдендіріп, кеңейтуге ниетті.

"Қазақстандағы билік транзиті – тұрақтылық пен дамуға деген беталыс. Соңғы онжылда шағын және ірі бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де шаралар қабылданды, біршама тетік әзірленді. Оларды кәсіпкерлер тұрақты сүйеніш етіп келеді. Бұлардың барлығы жаңа кәсіпорындардың ашылуына, жұмыс істеп тұрғандарының кеңеюіне, жалпы алғанда бизнесті жан-жақты қолдауға септігін тигізді. Әрине, біз аталған саясаттың алдағы уақытта жалғасын тапқанын қолдаймыз, өйткені оң нәтиже әкелетіні айқын. Қалыптасқан бағыт – батысқазақстандық кәсіпкерлер үшін тиімді, және ол одан әрі жалғасады деп ойлаймын.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлерді одан әрі қолдайтынын, инвестиция тартып, оны қорғайтынын, іскерлік белсенділікті ынталандыратынын, басым орта тапты қалыптастыратынын айтты. Оның мақсаты –– қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау, себебі бұлар қоғамымыздың тұрақтылығына негіз болатын қағидалар. Қолда бар жетістігімізді сақтау маңызды және бәзбіреудің арандатушылығына ерік бермеу қажет. Көңілге кірбің келтірген жайтқа қарсылық білдірмей, керісінше диалог жүргізуге тиіспіз.

Тұрақтылыққа бет бұрған Қытай, АҚШ және өзге де елдерді алып қарайықшы. Үлкен өзгерістердің барлығы бірдей жақсы өмірге жетелей қоймайды, даму үшін таңдап алынған саяси-экономикалық бағыттың тұрақтылығы маңызды. 

Сондай-ақ әрбір қазақстандық ауызбіршілік танытып, Елбасы нұсқаған бағытты қолдауы қажет. Себебі қазақстандық жолдың сабақтастығы бәрімізге ортақ. Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындап, Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып жатқан еліміздің стратегиялық басымдықтарын қолдаймын. Қазіргі саяси бағытымыз – тұрақтылық пен отандастарымыздың әл-ауқаты артуының кепілі.

Тағы бір маңызды жайт – еліміздің жаңа президенті жас ұрпаққа ерекше сенім артуда. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бүгінде "Жастар – ел тірегі" арнайы жоба өз жұмысын бастады. Қазақстанда "Жас кәсіпкер" жастардың бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасы іске асырылуда, жастардың стартаптары қолдауға ие болмақ.

Жас дарынды басқарушыларды қызметте көтеру үшін мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде "Президенттік кадрлық резерв" қалыптастырылатын болады. Біздің жастарымыз мақсатшыл, еңбекқор, креативті, сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда екені шүбәсіз. Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осылай ойлайды және мен оның ойымен келісемін. Елімізді жағымды өзгерістер күтуде, бұрынғы бағыттан айнымай, сондай-ақ қоғамның түрлі таптарын қолдай отырып жаңа амалдар енгізілуде. Осының барлығы еліміздің ілгерлеуіне алып келеді деп ойлаймын".

Жазып алған Виктория Вольская, Орал

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу