Жұлдыз Сүлейменова Әбіш Кекілбаев білім алған тарихи мектепке барды

145

Маңғыстауда білім беру жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.  

Жұлдыз Сүлейменова Әбіш Кекілбаев білім алған тарихи мектепке барды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында орналасқан Шахта жалпы білім беретін мектебіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге мектептің материалдық-техникалық базасын, тарихи музейін аралап, білім беру үдерісімен танысты.

Шахта жалпы білім беретін мектебі – Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев білім алған тарихи орда. Бүгінде мектепте жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған музей жұмыс істейді.

Сапар барысында министр мен облыс әкімі ауыл тұрғындарымен және педагогтармен кездесіп, өңірдегі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысында білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту және өңірдегі мектептердің материалдық базасын күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу