Абу-Дабиде (БАӘ) UFC 257 турнирі аясында өткен екінші жекпе-жегінде Жұмағұлов 56,7 келі салмақта өнер көрсетті. Оның қарсыласы швед Амир Албазидің спорттық мансабындағы көрсеткіштері ұқсас. Екеуі де октагонда 13 жеңіске жетті. Тек швед бір жекпе-жекте жеңілсе, ал қазақстандық төрт кездесуінде қарсыласына жол берген. Оның ішінде UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Раулин Пайваға жеңілді. Бұл шешім дау-дамай тудыртты. Себебі жекпе-жекті көрген көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер жеңіске Жұмағұлов лайық болды деп санайды.
Екінші жекпе-жекте қазақстандық мықтылығын дәлелдеуді көздеді. Бірақ жолы болмады. Оның Альбазиге қарсы өткізген үш раундтық жекпе-жегі төрешілердің шешімімен бірауыздан Иран тумасының жеңісімен аяқталды. Бұл шешім Жұмағұловты таңқалдырғанымен, бақылаушылар бұған қарсы шыққан жоқ.
Қорытынды нәтиже бойынша үш төреші де 29:28 есебімен бұл жекпе-жекте шведтің басымдығын көрді. Ал, UFC ресми сайтында жарияланған Албази - Жұмағұлов жекпе-жегінің статистикасы бұл шешімнің дұрыстығын растайды: Албази - барлығы 169 соққы, маңызды - 68 (40%), Жұмағұлов - 132 соққы, маңызды - 59 (44%). Тейкдаун бойынша шведтің басымдығы анық байқалды – үш тейкдауынның екеуі сәтті аяқталса (66%), ал Жұмағұловтыкі үштен бірі нәтижелі (33%) болды. Жекпе-жек барысында Альбази – 3 минуты 28 секунд, Жұмағұлов – 27 секунд қарсыласынан басым өнер көрсеткен.
Осы көрсеткіштерге қарамастан төрешілердің жазбасында екі раунд бойы екі файтер де тең ұпай алған. Тек шешуші раунд қана Альбазидің пайдасына аяқталды. Бұл туралы америкалық MMA Junkie басылымы жазды.
Сонымен қатар Жұмағұловтың Arlan MMA Pro Team командасы да қазақстандықтың екінші жеңілісіне өз пікірлерін білдірді.
"Екі жекпе-жек, екі жеңіліс. Бұл нокдаун. Бірақ бұған қарамастан біз берілмейміз", - деп жазды Жұмағұловтың командасы Instagram-дағы хабарламада
Ал спорттық мансабында 14-жеңісіне қол жеткізген Альбази кездесуге қатысты өз ойымен бөлісіп, Жалғас Жұмағұловтың оңай қарсылас емес екендігін ерекше атап өтті.
"Өзімді тамаша сезінемін. Шынымды айтсам, мен жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағым келді. Бірақ Жалғас мықты қарсылас болып шықты. Дегенмен келесі жолы оны мерзімінен бұрын жеңуім керек", - деді Албази.
Ермұхамед Мәулен