Ол скрэтч дисциплинасында жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Осылайша, қазақстандық велошабандоз чемпионаттағы екінші күміс медалін жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған жарыста бірінші орынды Қытай өкілі Хайцзяо Сунь иеленсе, үшінші орын Гонконг спортшысы Цун Вай Чуға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта бірнеше жүлде еншілеген болатын. Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста да күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон сайысында екінші орын алса, Рината Султанова жеке із кесу жарысында қола медаль жеңіп алған еді.