Жұмыс көп, ал жұмысшының жағдайын кім ойлайды?

1628

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, бұған дейін жасалған инвестициялық келісімдерде жұмыс орындарының көптігіне ғана назар аударылды, ал жұмысшыға жасалатын жағдай есепке алынбай қалып келеді. 

Жұмыс көп, ал жұмысшының жағдайын кім ойлайды?

"Жаңа инвестициялық саясат аясында инвесторларды тарту кезінде адам капиталын ескеру керек. Жұмысшылардың әлеуметтік пакеті, қауіпсіз жұмыс орны болуы керек. Біліктіліктерін арттырып, дамуға мүмкіндік беруі қажет. Келісімдерде бұл туралы сөз жоқ", – дейді Смышляева. 

"ESG – инвестициялық саясат саласындағы ең жылдам дамып келе жатқан халықаралық стандарттың ажырамас бөлігі. Оны әлемнің 193 елінің инвесторлары белсенді қолданады. Бұл саясаттың үш стандарты экологияны сақтау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және ашық тиімді басқару болып есептеледі. Бүгінгі таңда инвестициялық келісімдердің үш түрінің бірде-бірінде инвесторлардың кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік міндеттемелері бойынша бөлім жоқ. Отандық компаниялар, әдетте, бұл міндеттемелерді ресми шарттарсыз орындаса, шетелдік инвесторлар туралы ештеңе айта алмаймыз", – дейді депутат. 

Оның келтірген дерегіне сүйенсек, 2021 жылы 85 инвестициялық келісімшарт жасалды. Оның 18-інде шетелдіктердің қатысы бар.

Депутат жоғарыда аталған мәселеге назар аударуды сұрап, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу