Жұмыс табу қиындайды: Қолайлы жағдайда туған жастар еңбекке араласа бастады

4435

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жұмыс табу қиындайды: Қолайлы жағдайда туған жастар еңбекке араласа бастады

"Жұмыс күшіне енетін жастар санының айтарлықтай өсуі – 2030 жылға дейінгі еңбек нарығының негізгі сын-қатері болатыны сөзсіз. Олай дейтініміз, 2000 жылдан кейінгі немесе демографиялық қолайлы жағдайда дүниеге келген тұлғалар еңбекке жарамды жасқа жете бастады. Сарапшылардың есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай еліміздегі жұмыс күшінің 74 %-ын миллениалдар мен Z ұрпақтары құрайтын болады", – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
 

"Соңғы жылдары негізгі жұмыс берушінің рөлін мемлекет пен квазимемлекеттік сектор атқарып келетінін ескерсек, келесі сын-қатер ол экономикадағы жұмыс орындары генерациясының жеткіліксіздігі. Келесі технологиялар мен инновациялар таралуының  үдеуі, бұл жағдайда кейбір мамандықтар жоғалып, кейбіреуі пайда болады, ал тағы біреуі түрленіп жатады. Аталған сын-қатерлер мамандарды даярлау жүйесін әрі қарай тереңірек жаңғырту қажеттілігін айқындайды. Сонымен қатар оның негізін Ұлттық біліктілік жүйесі құрайды. Былайша айтқанда, Ұлттық біліктілік жүйесі келесі сұрақтарға жауап береді. 

"Экономикаға қандай мамандар қажет?". Кәсіптердің ұлттық классификаторы 2018 жылы енгізілді. Қажетті мамандар туралы ақпарат жинау пен статистикалық есеп осы классификатор негізінде жүргізіледі. 

"Заманауи мамандар нені біліп, нені істей алуы қажет?". Бұл талаптар жұмыс берушілер өздері әзірлейтін кәсіптік стандарттарда бекітіледі.

"Ол үшін мамандарды қалай оқытып, нені үйретеміз?" Бұл ретте, білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде құрылуы қажет.

"Мамандарды қалай танып, оларға біліктілікті қалай тағайындаймыз?". Бұл бағытты жүйелендіру үшін Министрлік кәсіптік біліктілікті танудың бірыңғай жүйесін бекітетін "Кәсіптік біліктіліктер туралы" заң жобасын әзірледі. 

Осылайша, ҰБЖ негізі енгізілді деп айтуға болады. Дегенмен жоғарыда аталған еңбек нарығының сын-қатерлері және ҰБЖ саласындағы проблемалар жаңа жағдайларға бейімделіп, бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді", – дейді министр.

Бірінші проблема. Қолданыстағы сұраныс болжамдарының тәсілдерін жұмыс күшіне маман тапшылығы проблемасына немесе экономиканың кейбір салаларындағы мамандықтар артықтығына бейімдеу қажеттігі.

Осыған байланысты ағымдағы жылы жұмыс күшін болжаудың тиісті құралдары жетілдірілетін болады. Келесі жылдан бастап қызмет түрлері бойынша нақты мамандықтар қажеттілігінің болжамы ұсынылатын болады.

Екінші. Мамандықтар кәсіптік стандарттармен толық қамтылмаған. Ұлттық кәсіптер классификаторы бойынша бізде 12 мыңға жуық мамандық бар, олардың бекітілген 590 кәсіптік стандарт 2 689 мамандықты қамтып, экономикалық кәсіп түрлерiнiң жалпы классификаторы (ОКЭД) кіші сыныптың (подкласс) 27%-ын ғана жабады. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу