Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға қысқарды

2654

Микронесие беруге 83 млрд теңге бөлінді.

Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға қысқарды

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің  кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин баяндама жасады. Саяси ұйым халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру жолындағы жобалары мен бастамаларын жалғастыра беретінін тілге тиек еткен министрлер кабинетінің жетекшісі елімізге кәсіпкерлерге, жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

"Кәсіпкерлердің бастамаларына қарыжылық көмек көрсету үшін микронесие беру көлемі 83 млрд теңгеге ұлғайды. 38 мың азаматтың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға 18 млрд теңге қарастырылды. Экономикада оң өзгеріс, яғни өсім байқалады. Бұған жыл сайын 300 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы дәлел. Бірінші тамыздағы жағдай бойынша, 227 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп көрсеткіш. Соңғы жеті айда жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға қысқарды", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу