Жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорын қызметкерлеріне айлық төлене ме?

2627

Карантин уақытындағы еңбекақы айлықтың ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. 

Жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорын қызметкерлеріне айлық төлене ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев коронавирус кезінде карантинге жіберілген жұмысшылардың еңбекақысы қалай төлетінін айтты. 

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин болған кезде жұмыскерлерге еңбекақы төлеу жөнінде көп сұрақтар түсуде. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық медициналық мекемелерге немесе үйде карантинге алынған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу тәртібі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бекіткен ережесінде барлығы көрсетілген. Ал өндірісті тоқтата тұру кезіндегі қызметкерлердің еңбекақысын төлеу мәселесіне келетін болсақ, биылғы жылдың 13 наурызынан бастап сауда ойын-сауық кешендері, кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдары жабылуда. Көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынғанын білесіздер. Осыған байланысты кейбір кәсіпорындар, кәсіпкерлер өз жұмыстарын тоқтата тұруға мәжбүр болып отыр. Еңбек кодексінің 112 бабына сәйкес жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын рәсімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытында ақы төлеу жалақысының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленген. Егер еңбек шарттарында немесе ұжымдық шарттарда бұл мәселе қаралған болса, одан да жоғары төлеуге мүмкіндік бар",– деген ведомство басшысы қашықтықтан атқарылған жұмыстың ақысы қалай төленетінін де атады.

"Қашықтықтан орындалатын жұмысқа ауысу жағдайы туралы, бұл да Еңбек кодексінің 138 бабында толығымен көрсетілген. Мұндай да мүмкіндік бар. Тек қана бұл жерде барлық жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есептеу жөнінде және жалақы төлеу жөнінде жұмыс берушінің акттісінде белгіленеді. Былайша айтқанда мекеме басшысының бұйрығымен белгіленеді", – деді Ербол Нұрғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу