Жүзуден елордадағы әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижесі

113

Астанада өтіп жатқан жүзуден әлем кубогының кезеңі аясында екінші жарыс күнінің финалдық сайыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүзуден елордадағы әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижесі Фото: olympic.kz

50 метрге еркін стильде жүзуден Глеб Коваленя 21,22 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, бесінші орын алды. Осылайша ол таңертеңгі сессияда жасаған рекордын (21,31) жаңартты.

Әділбек Мусин 100 метрді баттерфляй әдісімен 51,32 секундта жүзіп өтіп, жетінші орынға ие болды. Дәл осы жарыста Максим Сказобцов 51,57 секунд нәтижесімен тоғызыншы сатыға жайғасты.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов 2:07,34 уақыт нәтижесімен сегізінші орын алды. 100 метрге кешенді жүзуде Егор Попов 54,68 уақыт көрсеткішін тіркеп, тоғызыншы орыннан көрінді.

Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді баттерфляй әдісімен 59,66 секундта жүзіп өтіп, оныншы орынға табан тіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу