Жүзуден Қазақстан құрамасы Барселонадағы беделді турнирге қатысуда

322

Жүзуден Қазақстан құрамасы 21–22 мамыр күндері Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық турнирге қатысуда. Бұл – Mare Nostrum турының бір бөлігі болып саналатын 46-шы Ciutat de Barcelona жарысы.

Жүзуден Қазақстан құрамасы Барселонадағы беделді турнирге қатысуда

Байрақты бәсеке CN Sant Andreu клубының Pere Serrat жүзу бассейнінде өтуде. Турнирге 40-тан астам елден келген 550-ге жуық спортшы қатысуда. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – Рута Мейлутите, Том Дин, Сиобхан Хауги, Даниэль Уиффен сынды мықтылар бар. Бұл жарыс көптеген спортшылар үшін ұлттық іріктеу кезеңдеріне, сондай-ақ алдағы тамыз айында Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындықтың маңызды бөлігі саналады.

Қазақстан намысын аталмыш жарыста сегіз спортшы қорғауда: Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов. Олар үшін бұл дода – өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинауға әрі әлемдік деңгейдегі қарсыластармен күш сынасуға үлкен мүмкіндік.

Жарыс кестесіне сәйкес, таңертеңгі іріктеу кезеңдері сағат 8:30-да басталса, финалдық сайыстар кешкі сағат 17:00-де өтеді.

Айта кетейік, Mare Nostrum турының келесі кезеңі 24–25 мамыр күндері Францияның Канет-ан-Руссийон қаласында жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу