Жыл басынан бері елде 185 900 жұмыс орны ашылған

3927

Облыс әкімдерінің жұмысын бағалаудың бірден-бір көрсеткіші — жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту. 

Жыл басынан бері елде 185 900 жұмыс орны ашылған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді алдымен осы жұмыс арқылы бағалайтынын бірнеше рет айтты.  Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  алты айда ашылған жұмыс орындары туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Сонымен, жыл басынан бері елде 185 900 жұмыс орны ашылыпты. Оның 126 144-і тұрақты жұмыс орындары. 

Бірінші орында Алматы қаласы тұр.  Мұнда алты айда 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, оның 16 мыңдайы тұрақты жұмыс орындары. Одан кейін Алматы облысында 17 мыңдай жұмыс орны ашылған, оның 14 мыңдайы тұрақты жұмыс.

Үздік үштікке Маңғыстау облысы да іліккен. Онда 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, оның 12 жарым мыңы тұрақты жұмыс орындары.

Ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында.  Бұл өңірде 5645 тұрақты жұмыс орны ашылған.  Қарағанды облысы мен Батыс Қазақстан облыстарында да көрсеткіш төмен. Қарағанды облысында 5 900-ден астам жұмыс орны құрылған, оның тек 2 726-сы ғана тұрақты. Ал Батыс Қазақстан облысында алты жарым мыңдай жұмыс орны ашылған, оның  төрт жарым мыңдайы тұрақты түрде ашылған жұмыс орындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу