Жыл басынан бері қылмыс деңгейі 14,6%-ға төмендеді

224

Осы жылдың 9 айында қылмыс деңгейі 14,6%-ға, қоғамдық орындарда – 22%-ға, көшелерде – 20%-ға төмендеді.

Жыл басынан бері қылмыс деңгейі 14,6%-ға төмендеді Фото: ЖИ

Бұл туралы Бас прокуратура таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысының Талғар ауданында "Тәлімгер" жобасы аясында прокуратура және ішкі істер органдарының 13 ардагері мектеп оқушылары мен студенттердің тәлімгеріне айналды. 36 интерактивті сабақ барысында 8 мыңға жуық жас нақты өмірлік мысалдар арқылы өз әрекеттерінің салдарын бағалауды және заң аясында әрекет етуді үйренді. Жобаға қатысқан оқу орындарында қылмыстық құқық бұзушылықтар сегізден нөлге дейін, ал әкімшілік құқық бұзушылықтар 35%-ға азайды.

Атырау облысында "5 минуттық құндылық" жобасы іске асырылып келеді. 235 мектепте сабақтың алғашқы минуттары құрмет, жауапкершілік, тәртіп пен адалдық мәселелеріне арналады. Тәрбие жұмысы бір реттік іс-шаралар түрінде емес, жүйелі негізде жүргізіліп, күнделікті білім беру процесінің бір бөлігіне айналған.

Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласындағы "Түсті маршрут" жобасы ЖИ көмегімен балалардың эмоционалдық жайсыздығын ерте кезеңде анықтап, ата-аналарды, педагогтерді, психологтарды және басқа да қызметтерді дер кезінде тартуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысындағы "Adal Bala" цифрлық платформасы анимациялық бейнероликтер, интерактивті тапсырмалар мен тесттер арқылы оқушылардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырады. Ал ата-аналар мен мұғалімдер балалардың тәуекелдері мен эмоционалдық жағдайын бақылауға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу