Жыл басынан бері үй бағасы тұрақты

10832

Сауда көбейіп келеді.

Жыл басынан бері үй бағасы тұрақты

2019 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,6%-дан өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғары болды, деп хабарлайды статистика комитеті.

Сонымен қатар, жаңа тұрғын үйлерді сату 3,0%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 3,0%, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 2,7%-ға  қымбаттады.

Дегенмен жыл басынан бергі  аралықтағы көрсеткіш бойынша баға айтарлықтай өзгере қоймаған.

Жалпы, қазіргі таңда бастапқы және әрленген пәтерлердің бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы төмендегідей:

Дереккөз: статистика комитеті

Бағаның өсуіне республика бойынша баспана саудасының көбейгені ықпал етіп отыр. Мәселен, 2019 жылғы шілдедегі тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 32465 болды, және өткен аймен салыстырғанда 9,9%-ға артты.

2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24,4% -ға артты, деп жазады статистика комитеті.

Соның ішінде Алматы қаласында көрсеткіш 48,8 пайызға, Жамбыл облысында 30 пайызға, Павлодар облысында 27,5 пайызға өссе, Алматы, Атырау, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында сауда 26,5 пайыз айналасында көбейді.

Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 19-20 пайыз аралығында ұлғайды.

Батыс Қазақстан облысында сауда 23,4 пайызға көбейді.

Ақтөбе облысында көрсеткіш 12,4 пайызға ғана өсті.

Есесіне, Маңғыстау облысында сауда 1 пайызға кеміп кетті.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу