Жыл соңына дейін Астанадағы көлік кептелісі ЖИ арқылы реттеледі

Бүгінде Астана көшелерінде күн сайын 600 мыңға жуық көлік әрі-бері жүреді. 

Жыл соңына дейін Астанадағы көлік кептелісі ЖИ арқылы реттеледі Фото: inbusiness.kz

Мұндай статистикалық дерек Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Депутаттың сауалына жолданған жауапта елордадағы көлік көп жүретін көшелердің де атауы аталады. 

– Қазіргі жағдай бойынша қаланың жол-көше желісіне күн сайын шығатын автокөлік саны 550-600 мыңдай. Көлік ағынының барынша үдемелі қозғалысы Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұрған даңғылдары мен Сарайшық, Қонаев көшелерінде тіркеліп отыр. Қазір көлік кептелістерін кешенді тұрғыда шешу үшін қаланың Есіл ауданы бойынша деректер жинастырылып жатыр, – делінген жауапта.

Премьер-министрдің сөзінше, осы секілді деректер негізінде көлік ағынын жасанды интеллект көмегімен реттейтін модель дайындалады. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін өз нәтижесін беруі тиіс. 

– Астана қаласының электронды көлік моделі қабылданатын көлік шешімдерінің негізділігін үлкен деректерді талдап, трафикті болжау арқылы арттыруға мүмкіндік береді. Жүйені әзірлеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ол жұмыстарда Еуразия даму банкінің гранты есебінен жүргізіліп жатыр, – деп нақтылай түсті Олжас Бектенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу