Жылдың ең үздік хоккейшісі жарияланды

1711

Былтырғы маусымда ол 54 матчта 32 ұпай жинаған.

Жылдың ең үздік хоккейшісі жарияланды

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының және "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц журналистер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша жылдың үздік хоккейшісі болып танылды.

Екінші жыл қатарынан канадалық Медисин-Хэттің тумасы, 27 жастағы Даррен Диц журналистердің референдумында жеңіске жетті. Ол өткен жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын. Сауалнамаға сәйкес сегіз бақылаушы қорғаушыны бірінші орынға, жетеуі екінші, ал үшіншісі үшінші орынға қойды. Нәтижесінде ол жалпы есепте 39 ұпай жинады.

Диц өткен маусымда "Барыс" сапында 54 ойын өткізіп, 32 ұпай жинады (11 гол + 21 пас) және плей-оффтың бес ойынында үш гол соқты. Сонымен қатар, канадалық шабуылшы өткен жылы да Қазақстанның ең үздік хоккейшісі атағын иеленген болатын.

Жарыста екінші орынды қақпашы Эдди Паскуале иеленді. Ол "Барыстағы" дебютінен кейін Ресейдің "Локомотивіне" ауысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша барлығы 28 ұпайға ие болды. Ал Паскуалеге небәрі бір ұпай жеңілген Никита Михайлис үздік үштіктің қатарына ілікті.

Ең үздік бес хоккейшінің қатарынан "Барыстың" ардагер ойыншысы Роман Старченко да табылды. Ол биылғы маусымды Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубында сәтті өткізген болатын. Ал шабуылшы Евгений Рымарев 5-орынға ие болды.

Журналистер арасында ұйымдастырылған референдумға Құрлықтық хоккей лигасы мен Ресей чемпионатының Жоғары лигасының клубтары өнер көрсететін қалалардан 22 хоккей бақылаушылары қатысты. Халықаралық турнирлер туралы ақпарат жариялайтын орталық басылымдардың журналистері де дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Ермұхамед Мәулен
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу