Жылу бағасы жыл аяғына дейін қымбаттамайды

Гүлбаршын Сабаева Гүлбаршын Сабаева
3946

2018 жылдың басында Алматы қаласы мен Алматы облысында тариф 3,8 пайызға өскен.

Жылу бағасы жыл аяғына дейін қымбаттамайды

Казақстандық ақпарат құралдарында 1 сәуірден бастап Алматыда жылу мен электр энергиясы қымбаттайды деген ақпарат таратылған болатын. 30 наурызда табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы қалалық департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайырбек бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, 2018 жылдың аяғына дейін жылу-энергия көздеріне тарифтің көтерілмейтінін айтты.

"Жылу мен ыстық су үшін төлем "Алматы жылу жүйелері" ЖШС-на 2017 жылдың ақпан айында ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бекітіп берген тарифі бойынша жүргізіледі", – дейді Бауыржан Қайырбек.

 2018 жылдың басында Алматы қаласы мен Алматы облысында тариф 3,8 пайызға өскен. Тұрғындар бір киловат үшін 16 теңге 10 тиын төлейді. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша баға саясатын реттеп отыратын "АлматыЭнергоСбыт" компаниясы мұны энергия өндіруші ұйымдардың көмір және көгілдір отын бағасына тәуелділігімен түсіндіріп келген еді.  

Алматы қаласы мен облысында да тариф 3,80 пайызға көтерілген болатын. Тұрғындар бір киловатт үшін 16 теңге 10 тиын төлейді. Баға саясатын реттейтін "АлматыЭнергоСбыт" компаниясы мұны энергия өндіруші ұйымдардың көмір мен көгілдір отын бағасына тәуелділігімен байланыстырып отыр. "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жабдықтау бөлiмiнiң атқарушы директоры Андрей Мұхажанов тасымалдаушылар отын бағасын қымбаттатса, энергия тарифі де өсетінін айтады. Қазақстандағы энгергия өндіретіндердің басым көпшілігі энергия тасымалдаушы компанияларға қарайды. "Қазақстанда тарифті арзандатуға әсер ететін факторлар бар ма?" деген сауалымызға үкіметтің жалпыға ортақ саясат қабылдап, ЖЭС үшін отын бағасы арзандатылса, энергия құны төмендеуі мүмкін екенін айтты. Бірақ үкімет тарапынан энергия көздері үшін жалпыға ортақ саясат қабылдауға ниет байқалмайды. Сол себепті тариф бірден арзандап кетеді деп үміттенуге болмайды. Демек дәл қазір бағаны тұрақты ұстап отыруға мүмкіндік аз. Себебі, бір ғана түбіртек басып шығаратын "Алсеко" және "Қазпоштаның" да қызметі де былтырдан бері қымбаттап кетіпті. Коммуналдық қарызын уақтылы төлемейтін тұрғындардың кесірінен қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 5 миллиард теңгеге жуықтаған. Дебиторлық берешектің көлемі артып тұрған өңірлер қатарында Алматы көш бастап тұр. Оңтүстікастаналықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асып жығылған. Қарыздың 413 миллионын тұрғындар, 337 миллион теңге заңды тұлғалар, қалған бөлігін қалғанын бюджеттік ұйымдар төлемей жүр.

Бірақ соған қарамай жылу бағасы жыл аяғына дейін қымбаттамайды.

Гүлбаршын Сабаева, Алматы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу