Неге арзан үйді сатып алуға болмайды?

2028

Баспана мәселесі барлық қоғамда өзектілігін жоймайтын ең басты мәселе. 

Неге арзан үйді сатып алуға болмайды? Фото: canva.com

Байлық та, кедейлік те әуелі жылжымайтын мүлікпен есептеледі. Әлемде болып жатқан табиғи апаттар да, адами қақтығыстар мен экономикалық тоқыраулар да жылжымайтын мүлік нарығына теріс әсер еткен емес.

Жылда баспана нарығына алдын-ала болжам жасалғанымен, жылжымайтын мүлік биыл арзандайды немесе қымбаттайды деп ешкім де тап басып айта алмайды.

Тұрғын үй нарығындағы бағалар 2021-2022 жылдары рекордтық темппен өскен еді, бұл әлемдік инфляцияның жоғары кезеңі болды. Астана мен Алматы қалаларында ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша және әлемнің көптеген елдерінде тұрғын үй бағасы 15-20%-ға өсті.

Ал, былтырғы жылдың соңында 2024 жылға жасалған болжамдарға келер болсақ, көптеген факторлар әсер етеді деп күтілген еді. Олар – әлемдегі, еліміздегі жалпы экономикалық жағдай, инфляция, доллар бағамы, жаңа "9-20-25" ипотекасының іске қосылуы, баспанаға қатысты ұсыныстар санының өсуі мен төмендеуі, сұраныс көлемі, заң актілеріндегі өзгерістер және т.б.

Естеріңізде болса, нарықтағы баға 2021-2022 жылдары рекордтық көлемде өскен болатын. Бұл әлемдік инфляцияның жоғары кезеңіндегі жағдай. Тұрғын үй бағасы Астана мен Алматыда ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша және әлемнің көптеген елдерінде 15-20%-ға көтерілген.

Сол себепті отандық мамандар 2024 жылы бастапқы нарықта инфляция шегінде баспана құнының өсуін болжаған еді. Бағаның өсу динамикасы қосымша факторлар мен жекелеген аймақтарға байланысты болатындығы да айтылған.

Алайда, кейбір мамандар болжағандай "қайта саудалау және жекеменшік жер үйлер мен ескі құрылыс нарығында баға арзандауы ықтимал" деген пікір бүгінгі таңда толықтай жоққа шықты. Оған еліміздің бірнеше облыстарында болған табиғи катаклизм мен Алматы қаласында байқалған соңғы жер сілкінісі әсер етіп отыр.

Мәселен мамыр айында еліміздің барлық ірі қалаларында пәтер құны айтарлықтай арзандады.

Алматы мен Астанада пәтер құны шаршы метріне шаққанда – бір шаршы метр үшін 712 мың және 480 мың теңгеге дейін (0,7%), Шымкентте бір шаршы метр үшін 419,9 мың теңгеге (1% ) дейін төмендеді. Бұл ретте Алматыда тұрғын үй бағасы екі ай қатарынан біртіндеп түсіп келеді.

Баспана бағасы соңғы айда ең көп арзандаған: Ақтауда (1,6%- ға, 345 мың теңгеге дейін) және Атырауда (1,2%-ға, 387 мың теңгеге дейін) байқалды. Ақтөбе мен Талдықорған қалаларында (0,2%) 289 және 300 мың теңгеге дейін төмендеген.

Керісінше, соңғы бір айда Петропавлда (0,6%) 365 мың теңге, Таразда (0,2%) 301 мың теңгеге дейін, ал, Түркістан қаласында (0,9%) 313 мың теңгеге дейін баспана бағасы өсті.

Егер 2023 жылдың мамыр айындағы бағамен салыстыратын болсақ, жалпы республика бойынша пәтер бағасы 1,2%-ға арзандады. Алматы, Астана және Ақтаудан басқа барлық жерде жылжымайтын мүлік бағасының төмендегенін байқауға болады. Салыстырмалы түрде, баспана бағасы Алматыда 0,9%-ға, Астанада 1,2%, Ақтауда 9,8%-ға өскен.

Жалпы, тұрғын үй нарығында баға саясатына қатысты көбіне лоббистік мәлімет кеңінен қолданылады. Көбіне құрылыс компанияларының сауда менеджерлері баспана нарығындағы бағаны өз ыңғайларына тиімді етіп көрсетуге тырысады. Алайда, еліміздің экономикалық ахуалын ескерер болсақ, жылжымайтын мүлік бағасы Қазақстанның барлық аймағында бірыңғай өсумен келеді. Оған құрылыс материалдарының дені шеттен әкелінетіндігі мен жанар-жағармай бағасы, доллар бағамы, тағы басқа себептердің әсері зор.

Дәл қазір еліміз бойынша баспана нарығында "баға коррекциясы" жүріп жатыр. Ол дегеніңіз осы кезде баспана сатқаннан гөрі сатып алған тиімдірек екенін білдіреді. Күзде және қысқа қарай тұрғын үй бағасы едәуір қымбаттайды.

Дегенмен, "қазір үй арзанырақ екен" деп баспана алғанда, жаппай сатып алуға да болмайды.

Әсіресе, Алматы, Астана, Шымкент секілді мегаполистерде заңсыз соғылған үйлер мен транзиттік айналма жол түсетін қауіпті аймақтар баршылық. Осы аталған жағдайлар да баға саясатына әсер етіп отырғаны ақиқат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу