Жынысы белгісіз атлеттер

4016

Жеңіл атлетикадан Қытай чемпионатында дау шықты. Мәселе спортшылардың жынысына байланысты болып тұр.

Жынысы белгісіз атлеттер

Жүгіруден 400 метр қашықтықта бірінші және екінші орындарды алған Ляо Мэньсюэ мен Тун Цзенхуань есімді спортшылардың суреттері ғаламторды шулатып отыр. Қыздар арасындағы бәсекеде топ жарған қос спортшының түр-тұлғалары "нәзік жанды" деуге келіңкіремейді.

Енді Қытай жеңіл атлетика федерациясының басшылары бұл мәселені анықтап жатқан көрінеді. Дегенмен олардың алғашқы жауабы спортшылардың екеуі де әйел жынысына жатады екен. Алайда, гендерлік тесттің нәтижесі әлі жария етілмей отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу