Зілтемірші Игорь Сон Әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

1526

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус індетіне байланысты бірқатар жарыстар шегерілген соң, әлемдік рейтингті жаңартты.

Зілтемірші Игорь Сон Әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

Игорь Сон 55 келідегі Әлемдік рейтингте 2-ші сатыға көтерілді. Сондай-ақ зілтеміршілерден 81 келіде Нижат Рахимов 19-шы, Денис Уланов 23-ші орындарға жайғасты. 109 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Ибрагим Берсанов 16-шы сатыда.  Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Зулфия Чиншанло 8-ші орынға табан тіреді. 71 келіге дейінгі салмақта Екатерина Быкова 24-ші, 81 келіге дейінгі салмақта Раушан Мешітханова 27-ші орында. 

Биылғы жылы Игорь Сонның қатысқан жарыстарының бірі Ташкентте өткен алтыншы Халықаралық ынтымақтастық чемпионаты болатын. Ол кезде қазақстандық ауыр атлетші 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алған еді. 8-ақпан Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ауыр атлетикадан Халықаралық ынтымақтастық чемпионаты Токиода өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу жарысы болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, Токиода өтетін Олимпиада Ойындарына Қазақстан атынан тек екі ауыр атлет қана қатыса алады. Яғни бір ер және бір әйел спортшы. Мұндай шешімді IWF Қазақстан 2008-жылдан бері халықаралық аренада допингке қарсы 36 мәрте ереже бұзғаны үшін шығарды. Және еліміздің Олимпиадаға ереже бұзғандарға арналған іріктеудің жаңа тәртібі бойынша ғана қатысуға мүмкіндігі бар.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу