Зілтеміршілеріміз әлем чемпионатында екі жүлдемен шектелді

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2876

Ашхабадта ауыр атлеткадан әлем чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасына екі медаль ғана бұйырды.

Зілтеміршілеріміз әлем чемпионатында екі жүлдемен шектелді

Ауыр атлетикадан ерлер арасындағы 84-ші, ал әйелдер арасындағы 27-ші Әлем чемпионаты аяқталды. Он күнге созылған бүкіләлемдік біріншілікте Қазақстан зілтеміршілері екі жүлдемен шектелді. Екеуін де шет елден келген спортшыларымыз әперді.

Ерлер арасындағы 55 келі салмақ дәрежесінде біздің елдің намысын қорғаған Арли Чонтей (Қытайдан келген) күміс медаль олжалады. Ол жұлқа көтеруде 120 келіні еңсеріп, серпе көтеруде 138 келі салмақты көтерді. Қоссайыста 258 келіні бағындырды. Екінші орын.

Әйелдер арасындағы 75 келі салмақта еліміздің намысын жыртқан Надежда Лихачёва (Ресейден келген) қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жұлқа көтеруде 112 келіні, серпе көтеруде 130 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 242 келімен үшінші орынға ие болды.

Толағай қыз-жігіттеріміздің қалғандары қосайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие бола алмады. Олардың арасында Олимпиада және әлем чемпиондары һәм жүлдегерлері, сондай-ақ бүкіләлемдік рекордшыларымыз болған еді. Бұл ретте, Нижат Рахимов, Зульфия Чиншанло, Александр Зайчиков, Денис Уланов сынды зілтеміршілеріміздің сенім үдесінен шыға алмағанын атап өтуге болады.    

Енді Ашхабадтағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен көпұлтты Қазақстан құрамасының жекелей және командалық есептегі нәтижелеріне тоқталып өтейік:

ерлер:
55 келі: Арли Чонтей – 2 орын 
67 келі: Фархад Харки – 9 орын
73 келі: Нижат Рахимов – 8 орын
81 келі: Айдар Қазов – 19 орын
89 келі: Денис Уланов – 14 орын 
96 келі: Рүстем Сыбай – 11 орын 
102 келі: Александр Зайчиков – 9 орын; Илья Ильин – хаттамаға тіркелді, бірақ сайысқа түскен жоқ.
109 келі: Ибрагим Берсанов – 14 орын 
+109 келі: Елдос Сайлау – 24 орын
әйелдер:
55 келі: Зульфия Чиншанло – 5 орын
59 келі: Сәуле Садуақасова – 11 орын 
64 келі: Әсем Садықова – 7 орын; Карина Горичева – 8 орын
71 келі: Надежда Лихачева – 3 орын; Екатерина Столяренко – 10 орын 
76 келі: Екатерина Быкова – 12 орын
87 келі: Раушан Мешітханова – 9 орын
+87 келі: Александра Аборнева – 17 орын; Айзада Мүптілда – 19 орын

Жұлқа көтеру мен серпе көтерудегі нәтижелерімізді қосқандағы көрсеткіштеріміз де жоғары емес:

 

Маруан Түсіп 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу