"Қазақстанның үшінші жаңғыруы"

2923

Бұл – биылғы жолдаудың басты тақырыбы.

"Қазақстанның үшінші жаңғыруы"

31 қаңтар күні президент Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан халқына жазбаша жолдау арнайды. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы отандық телеарналар арқылы жасаған арнайы мәлімдемесінде айтты.

"Құрметті қазақстандықтар! Қасиетті Отанымыз тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзімнің ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, Қазақстан-2030 стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан дамудың дара даңғылына түскенін ерекше атап өтті.

"Ертең, қаңтардың 31-де менің халыққа жолдауым ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып – "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" деп аталады. Бұл еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша айрықша мән беретін боламыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек", – деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу