​Өндірушілер құрылыс материалдарының бағасын бір жылда 40%-ға көтерді

12295

Алайда саланың нақты көлем индексі 1,7%-ға төмендеген.

​Өндірушілер құрылыс материалдарының бағасын бір жылда 40%-ға көтерді

Қаңтардан бастап қазанға дейінгі аралықта елімізде 499 млрд теңгенің құрылыс материалдары шығарылған. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ-ның сараптамалық шолуында  былтырғы жылдың осындай кезеңінде көрсеткіш 39,9%-ға төмен болғаны айтылып отыр.

Ең жақсы көрсеткіш – қож-мақта өндірісінде. Биылғы жылдың тоғыз айында осы материалдың 32296 тоннасы шығарылған, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен төрт есе көп. Отқа төзімді бұйымдарды өндіру көлемі 148 мың тонна болған, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен асып түсті. Портландцемент 7,4%-ға артық бастырылған. Тақта, қыштақтай, кірпіштер және цементтен жасалатын бұйымдар 3,465 млн тонна болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,6%-ға артық.

Сонымен қатар тап осы кезең ішінде тауарлық бетонды өндіру 18,6%-ға төмендеген. Қазақстандық кәсіпорындар биылғы жылы бұл материалдың тек 13,103 млн тоннасын ғана шығарған, ал бұл 2017 жылғы көлемнен 2,995 млн тоннаға аз. Бетоннан жасалған құрылыстық құрама конструкциялар шығару 12,0%-ға, гипсокартон 5,8%-ға, шыланған, шыланбаған және гидравликалық әктас 0,8%-ға төмендеген.

Құрылыс өнімін экспорттау бойынша айтарлықтай өзгеріс бары байқалады. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде отандық құрылыс материалдарын сыртқы нарықтарға жеткізудің заттай көрінісі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе өсіп, 1,6 млн тонна болды. Экспорттың ақшалай көрінісі 1,7 есе өсіп, 140 млн доллар болған.

Аталған уақыт ішіндегі құрылыс тауарлары импортының ақшалай көрінісі 2017 жылмен салыстырғанда 1%-ға өсіп, 895,1 млн долларды құраған, заттай көрінісінде көлем 1%-ға төмендеп, 2,5 млн тонна болған.

Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу