Халықаралық азаматтық авиация күнін мерекелеуге орай inbusiness.kz ақпараттық агенттігінің оқырмандары жасаған авиакомпаниялардың халықтық рейтингі дайын деуге болады. Сауалнаманы жеті номинацияға бөле отырып, оқырмандар үшін қарапайым және шынайы дауыс беру ережелерін әзірлеуге тырыстық. Бұл әр түрлі бағыттар бойынша авиация саласының үздік ойыншыларын анықтауға және қатысушылар үшін өз қызметтерінің сапасын жақсартуға пайдаланатын кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Төменде 10 номинация бойынша банктер рейтингінің үздік 3 финалистін ұсынамыз. Көріскенше күн жақсы болсын, құрметті inbusiness.kz оқырмандары!
Әрқайсымыз қандай да бір авиакомпанияның қызметін тұрақты пайдалансақ, бір рет болсын саналы түрде бейілділік туралы ойланамыз. Осыған сәйкес авиакомпания тарапынан ұсынылған бағдарлама тұрақты клиентпен қарым-қатынастың тамырын тереңдетуде маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда қай авиакомпанияның бағдарламасы мықты. Бұл аталымда осы сұраққа жауап беріледі.
Бизнес әлемінде табысқа жетудің негізгі факторларының бірі – дәлдік. Азаматтық авиация нарығының едәуір бөлігін кәсіпкерлер құрайтынын ескерсек, онда бұл маңызды көрсеткіш. Осы аталымда біз міндетін мінсіз атқаратын үздік авиатасымалдаушыны анықтаймыз.
Тәжірибе көрсеткендей, кез келген бизнесте клиенттің тілін таба білу керек. Ал авиацияда, онлайн-тіркеуден бастап, борттағы тамақтандыруға дейінгі аралықта сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұл аталым отандық ойыншылардың қайсы сапалы қызмет көрсететінін білуді көздейді.
Авиаоқиғалар жайлы түрлі ақпарат тарап жатса да, азаматтық авиация қауіпсіз көлік саналады. Ал авиакомпанияның қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсаған күші мен қаржысы оның беделін бекемдеуге және клиенттің сеніміне ие болуға ықпал етеді. Отандық авиаойыншылардың қайсы қауіпсіз тасымалдаушы деген атаққа лайық екенін оқырмандарымыз анықтайды.
Кез келген авиатасымалдаушы ұсынатын қолайлы ұшу маршруты оның негізгі артықшылығы саналады. География аясы кеңейген сайын клиенттердің саны көбейеді. Алайда әлемнің кез келген жеріне қолайлы маршрутпен ұшу кез келген авиакомпанияға қиындық туғызады. Бұл аталымда біз inbusiness.kz оқырмандарына қай авиатасымалдаушының ұшу географиясы ұнайтынын анықтаймыз.
Кез келген авиакомпанияның бәсекеге қабілеттілігін қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мен баға саясаты нақтылайды. Бұл аталымда біз тиімді тариф саясатын ұстанатын ойыншыны табуға тырысамыз.
Ұшу құнының арзандағанына қарамастан, көпшілік әуе көлігінің қызметіне қол жеткізе алмай жүр. Авиатасымалдаушылар мәселені сауатты маркетинг арқылы шеше алады. Бұл қадам оларға тұрақты клиенттердің қатарын көбейту және нарыққа жаңа клиент тарту мүмкіндігін береді. Бұл аталымда біз жаңа және табысты маркетингтік қадамға барған ойыншыларды анықтаймыз.