Алматыда Денис Тенге ескерткіш қойылды

75830
Алматыда Денис Тенге ескерткіш қойылды

Бүгін жүздеген адам атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алып гүл шоқтарын қою үшін Құрманғазы мен К. Бәйсейітова көшелерінің қиылысындағы алматылық саябаққы жиналды. Бүгін ол қайтыс болған жеріне ескерткіш қойылды. Денистің Сочидағы Олимпада өнер көрсеткен сәті бейнеленген қола мүсін спортшының өлеңі мен жетістіктері жазылған мәрмәр тастың қасына орнатылды.
Биіктігі 2,4 метр болатын монументтің авторы санкт-петерборлық мүсінші Матвей Макушкин.  Ол Алматыдағы М.Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойға қойылған ескерткіштің де авторы. Мемориалға тапсырыс беруші Денис Тен қоры мен Алматы қаласының әкімдігі. «Денистің анасына алғысымыз шексіз. Мемориалдың әр штрихы сол кісінің басшылығымен істелді. Күзде Денис Тенді еске алуға арналған алғашқы халықаралық турнирді өткіземіз және Дениске арналған кітапты шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
20 шілде күні Алматыда мәнерлеп сырғанаушыны еске алуға арналған  мұз шоуы  өтеді, оған Жапония, Ресей және АҚШ спортшылары қатысады.
«Бұл ескерткіш – біздің танымал спортшымыз Дениске ғана емес, сонымен қатар елімізді танытқан Қазақстан спортшыларына қойылған ескерткіш. Анаға  баласының атағы мен жетістігі емес, анаға тек баласының аман болғаны керек. Өзім ана болғандықтан,  Денистің анасының басындағы жағдайды жақсы түсінемін. Денис жастарға үлгі бола білген жан. Адамдар атаулы күні Денисті еске алу үшін осы жерге келетін болады деп ойлаймын», – деді Роза Рымбаева.
Шарада қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин сөз алып: «Дәрігерлер аман алып қалады деп сенуге тырыстым. Өйткені өз басымда да осындай жағдай болған. Шамалы уақыттан кейін қайтыс  болды дегенде, жаман болдым. Бұл қайғыны еске алу ауыр, оның жоқ екеніне сенгің келмейді. Оның ерекше ақылды адам екенін бір бағдарламаға түсуге барған кезде байқадым. Көптеген адамға үлгі бола білген жанның бүгінде жанымызда жоқ екені өте қиын. Бұл ескерткіш Денисті еске салу үшін қолымыздан келген дүние ғана. Алтын баламыз мәңгі есімізде!»
Максим Морозов