Алматыдағы ерекше автобәйге: болид жарысы қалай өтті

9472

Мегаполис көшесінде болидтердің жылдамдығы мен креативті жасалуы сынға түсті.

Ерекше көліктерді – моторы мен педальі жоқ – шабандоздардың өздері жасаған. Жоғарыдан төмен қарай ағызып қоя берсеңіз жеткілікті. Жарысқа түрлі қаладан алпыс команда келді.

Алматыда ең әсем спорттық іс-шара осымен үшінші рет өткізілді. Достық даңғылының төрт жүз метрлік бөлігіне мыңдаған көрермен жиылды. Көшенің шет-шеті қауіпсіздік үшін шөппен қоршалды. «Формула-1» боып шыға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Түрлі себептерге байланысты кейбір көліктер финишке өз күшімен жетпей қалып жатты. Ондайда команда мүшелері өз туындыларын мәре сызығына шейін қолмен жетектеп алып жүруге мәжбүр болды. Орыс даналығында айтылғандай, сырғанауды ұнатқан адам, шананы тасығанды да жақсы көруі керек. Міне, жарыс сонысымен де қызық болды.

Жарысқа қатысуға 200-ге жуық команда өтінім берді, бірақ жарысқа барлығы 60 экипаж шықты – ұйымдастырушылар болидтердің тұжырымдамасы мен креативтілігін бағалай отырып, байыпты іріктеу өткізді.

Жолдағы кедергілердің әрқайсысына дерлік барша қазақстандықтарға, ең құрығанда алматылықтарға белгілі атаулар берілді.

 Жарысқа қатысуға 200-ге жуық команда өтініш берді, бірақ стартқа небәрі 60 экипаж келді – ұйымдастырушылар концепцияның креативтілігі мен көліктердің идеялық іске асуын бағалай отырып, байыпты іріктеу жүргізді.

Бір қызығы, кейбір командалардың қатысуына олардың балаларының тәжірибесі түрткі болды, олар өткен жарыстарда кездесіп, ақырында қазақстандық қоғамның жаңа бірлігін құрады.

 Мысалы, су бөгеті біздің еліміздің ең ірі су қоймасы – Каспий теңізінің атын алды.

Ал баспалдақтар алматылықтардың ең сүйікті орындарының бірі – Неделька фонтаны деп аталды. 

Бірақ жаңбыр кезінде кейбір командалар үшін қауіпті болған кедергі, неге екені белгісіз, атау алмай қалыпты. Жай ғана тіп-тік өр десті.

Ауа-райының қолайсыздығына, суық жаңбыр мен желге қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл күйі көтеріңкі болды. Әсіресе балалар риза.

Қорытындылау рәсімі классикалық автомобиль спортынан сәл басқаша есептелді. Қашықтықты өткен уақыты ғана емес, көліктің сәнделіп жасалу идеясы, сонымен бірге командалардың өздерін таныстыру рәсіміндегі шығармашылық өнері де ескерілді.

Нәтижесінде алматылық "SUPERNATURAL командасы үздік атанды. Жүлде ретінде ол қараша айында БАӘ-де өтетін Формула-1 әлем чемпионатының соңғы кезеңіне жолдама алды

Жеңімпаздардың айтуынша, олардың жетістігінің кілті әрбір мүшесінің өз жұмысын тыңғылықты атқаруы болды.

"Қарсыластардың дайындық деңгейін көріп, үздік боламыз деп ойлаған жоқпыз. Әрине, команданың әр мүшесі өз міндетін әдемі атқарып шықты. Жеңіске соның арқасында жеттік. Бұл жетістік бізді шынымен шабыттандырды, сондықтан келесі жарыста біз екі команда, яғни әйелдер мен ерлер командасын шығармақпыз", - деді жеңімпаз Валентин, Василий, Владимир, Сергей және Алексейлер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы бұл жарысты үшінші рет өткізіп отыр, алдыңғы жарыстар 2017 және 2019 жылдары өтті. Жоспар бойынша жарыс өткен жылы өткізілуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты шектеулер бұған жол бермеді.

Екі жылдан кейін қала тұрғындары қолдан жасалған машиналар жарысының қызығын қайта тамашалай алды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу