Астана мен Ашхабад стратегиялық әріптес болуға уағдаласты

37868

Астанаға мемлекеттік сапармен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов келді. Елорданың халықаралық әуежайында ұлттық жасақтың құрмет қарауыл ротасы сап түзеп тұрды. Жоғары шеңді шетелдік қонақты Қазақстанның бірінші вице-премьері Асқар Мамин, сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірхманов, қала әкімі Әсет Исекешев және Түркіменстандағы біздің елдің елшісі Орман Нарбаев күтіп алды.

Уақытты зая өткізбей, түрікмен президентінің шеруі мотоциклшылардың алып жүруімен ақордаға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге аттанды.

Сәлем алысқаннан кейін Қазақстан мен Түркіменстан басшылары өз елдерінің мемлекеттік әнұрандарын тыңдап, құрмет қарауылының сабын аралап шығып, бетпе-бет кездесу үлгісіндегі келіссөз жүргізуге беттеді.

Одан әрі келіссөз кеңейтілген үлгіде жалғасты, оның қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қою салтанаты өтті. Бұл құжаттардың ішінде Қазақстан мен Түрікменстан қарым-қатынасы тарихының жаңа бетін ашатын Стратегиялық серіктестік туралы шарт және мемлекеттік шекараны белгілеу туралы келісімді ерекше атап өтуге болады.

Одан бөлек, ортақ үкіметаралық комиссиясы, екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы қарым-қатынас бағдарламасы туралы құжаттар, құпия ақпаратты қорғау және қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру мен ланкестік әрекетті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында  өзара әрекет ету туралы келісім, Астана мен Ашхабад арасында туыстық байланыс орнату туралы, «Атамекен» ҚР КҰП пен Түркіменстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу