Қазақстан бокс құрамасының жаттығулары қалай өтеді
Бокс бойынша ұлттық құрама Азия біріншілігінің алдында соңғы жаттығуларын өткізді. Астанадағы базаға ортақ жаттығулар мен жұптасулар өткізу үшін бұл жолы Үндістаннан 10 спортшы мен бірнеше жаттықтырушы шақырылды. Жиын 27 сәуірге дейін созылады, ал 28 сәуірде командалар Ташкентке Азия біріншілігіне аттанады, онда тамыздың соңында Гамбургте өтетін әлем біріншілігіне жолдама ойнатылады. Әлем біріншілігіне жолдаманы әр салмақ категориясы бойынша үздік шыққан алты азиялық босшы алады.