Бейбітшілік. Келісім. Бірлік. 2017 жылғы әскери парад қалай өтті
Астанада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Жеңіс күніне арналған әскери парад өтті.
«Жер шарының еш жерінде жауымыз жоқ. Біз барлық көршілерімізбен доспыз және «Бейбіт бір ғана келісім жүз жеңістен артық» деген өнегелі өсиетті есте ұстауымыз керек. Сондықтан басты құндылықтарымыз – бейбітшілік, келісім және бірлік дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеміз. Қарулы Күштер әрқашан да тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып қала береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Биылғы парадқа бес мыңнан астам әскери қызметші қатысты. Механикаландырылған лекте заманауи үлгідегі 300 әскери техника мен қару-жарақ, Әуе қорғаныс күштерінің 70 авиациялық техникасы жүріп өтті.