Қазақстандықтар бүгін, 2019 жылғы 9 маусымда мемлекет басшысын таңдауда

73327

Елде және одан тысқары жерлерде 10 мыңға жуық сайлау учаскелері құрылған. Оның басым бөлігі жергілікті уақытпен сағат 07.00-де ашылды. Ал 48 учаске жұмысын бір сағат бұрын бастады. Сондай-ақ елімізден тысқары жерлерде – 64 шетелдік дипломатиялық өкілдіктерде де дауыс жинау жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Президенттігіне кандидат  ретінде жеті үміткер қатысуда. Олар – қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясы атынан), мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан Коммунистік халық партиясы), мәжіліс депутаты Дания Еспаева («Ақ жол» партиясынан), қоғам қайраткері, журналист  Әміржан Қосанов («Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалыс),  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҰАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков («Ауыл» партиясы атынан), жазушы Садыбек Түгел («Ұлы дала қырандары» РБҰ) , экс-депутат, Батыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атынан).  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуір күні мәлім етті. Бұдан бұрын, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін доғару туралы мәлім етіп, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. ҚР Конститутциясы бойынша ҚР Президентінің өкілеттігі  сол кездегі Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.

Фото: Серік Қобыланбаев, Мира Билялова
 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу