Мектеп музейінде Тұрмағамбет ақынның шапаны сақтаулы тұр

7941

Мұнда ақынның парсы тілінен тәржімалаған «Шаһнама» кітабынан өзге тұтынған бірнеше заты да бар.

Inbusiness.kz тілшісі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылындағы мектептің мұражайына арнайы барып, құнды жәдігерлермен танысып қайтты.

Бұл ауыл – Сыр сүлейлерінің көрнекті өкілдері Ешнияз сал, даңқты Тұрмағамбет пен олар бастаған жүзден астам ақындар мен Жиенбай, Тасбергендей жезтаңдай жыршылар туып-өсіп, термелерін төгілтіп, жырларын таңнан таңға жырлаған қасиетті топырақ.

Бір жағынан қарасақ, «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан музейдің жұмысын бастауы таңсық оқиға емес.

- Сыр өңірі киелі өлкеде ұлттық өнерді, мәдени мұраларды насихаттау іс-шараларын үздіксіз жүргізіп келеді. Соның айғағы – жырдың туын тіккен, өнердің қайнар бұлағы Тұрмағамбет ауылында №29 Т.Ізтілеуов атындағы орта мектебінің жанынан ашылған музей. Ең алғаш 1973 жылы Қазақ КСР-інің методист мұғалім атағын алған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаражан Қожабаев «Сыр елі – Жыр елі» бұрышын ұйымдастырып, Сыр бойының ақын-жыршылары жайлы мол деректермен толықтырып, 1975 жылы мұражай етіп ашқан, - дейді мектеп директоры Ақмарал Дәуренбекқызы.

Музейде Тұрмағамбет Ізтілеуұлының парсы тілінен тәржімалаған шығыстың шоқ жұлдызы Әбілқасым Фердаусидің «Шаһнама» кітабы, ақынның киген киімдері, шапаны, тақиясы, көзілдірігі, кездігі мен күлсалғышы сақталған.

1990 жылы сол кездегі мектеп директоры Д.Әмзебекова мұражай үйіне суретшілер шақырып, көркемдік жағына басымдық бергені айтылады. Сол жылы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдық тойында музейдің ресми лентасы қиылды. Негізгі мақсаты – Сыр өңірінің біртуар перзенттері мен ақын, жырау, жыршыларын зерттеу, халық арасынан жинау және осы дәстүрді жастар арасында насихаттау.

- Музейде сонымен қатар шежіреші ақын Запа Дәулетбаевтың жеке тұтынған заттары, кітаптары, қолжазбалары, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекованың киген киімі мен естелік фотолары, 400-дей Қармақшы топырағынан шыққан ақын-жазушының кітабы, 500-ге жуық әртүрлі экспонат, магнитофон таспасына жазылған жыршы-жыраулардың мақамдары жинақталған. 80-ге тарта ауылдан шыққан шайырлар туралы деректер бар, - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айымжан Дастанбекқызы.

2015 жылы мектеп мұражайын «Туған елге тағзым» бағытында мектеп директоры З.Тасымова бастамасымен қайта жаңғыртылса, 2023 жылы «Тұрмағамбет» ЖШС демеушілігімен Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабековаға арналған бұрыш заманауи жиһаздармен толығыпты.

                                                                                                                                                                Рыскелді Сәрсенұлы
 
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу