Өмір ағашы және жұлдызды аспан: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

24547
Өмір ағашы және жұлдызды аспан: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

Елордада «Бейбітшілік және келісім паркі» атты жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

Өмір ағашы және жұлдызды аспан: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болдыБұл кеңістікте «Жұлдызды аспан» туннелі, «Өмір ағашы» ескерткіші, Каскадты сарқырама қарастырылған.

Тұжырымдамалық табиғи-рекреациялық аймақты құру әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған. Саябақ тұжырымдамасы Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіреді.

Өмір ағашы және жұлдызды аспан: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болдыҚоғамдық кеңістік Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Өмір ағашы және жұлдызды аспан: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болдыАйта кетсек, жыл басынан бері қала бойынша барлығы 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу