Отан қорғаушылар күні алматылық бозбалалар әскери борышын өтеуге аттанды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери борышты өтеуге шақырылғандардың кезекті тобын шығарып салу салтанаты өтті. Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері мен соғыс ардагерлері жас ұландарды шығарып салуға келді.
Әскери оркестрдің сүйемілдеуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде әкелініп, еліміздің әнұраны ойнады. Қала билігі өкілдерінің бірі тілек айтты. Ал әскерге шақырылғандардың бірі - Әділханов Мәдихан болса, жиналғандарды үш тілде құттықтап, бейбіт өмір тіледі.
"Жас Ұлан" республикалық мектебінің курсанттары әскерге шақырылғандарға тарту жасады. Шара мемлекет басшысының қатысуымен өткен әскери парадты тамашалаумен аяқталды.
Алматы қаласының тұрғындары үшін Отан қорғаушылар күнін тойлау мерекелік отшашумен аяқталды.
Максим Морозов