Тараптар татуласпады

42393
Тараптар татуласпады

Сирия оппозициясы Ресей-Түркия-Иран мемлекеттерінің Сирияда бейбіт тұрғындарға арналған қауіпсіз аумақ құру туралы меморандумына қол қоюдан бас тартты.

Өз кезегінде Сирия оппозициясы бұл процеске Иранның қатысуына қарсылық білдірді. Ал «Астана-4» келіссөзінің қорытындысында Ресей, Түркия, Иран мемлекеттері Сирияда шиеленісті сейілту аймақтарын құру мәселесін ресми рәсімдеді.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің дерегінше, қауіпсіз аумақтың өн бойында бақылау-өткізу және қадағалау бекеті болады. Ол қарапайым адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын және гуманитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оқ атпау тәртібін сақтауға күш жұмсайды.

«Бақылау-өткізу және қадағалау бекеттерінің мінсіз жұмыс істеуін қадағалау кепіл-мемлекеттердің міндеті болып табылады», - делінген меморандум мәтінінде, деп хабарлады агенттік.

Кепіл-мемлекеттер қауіпсіз аумақ жұмысына басқа мемлекеттердің араласуына жол бере алады, деп мәлімдеді Ресей президентінің Сирия ісі бойынша өкілі Александр Лаврентьев. Ол Ресей қауіпсіз аумаққа өз бақылаушыларын жібере алатынын жеткізді.

«Астана-5»  деп аталатын «жоғары деңгейдегі» келесі кездесу шілде айының ортасында өтеді. Ал Женевадағы мәмілегерлік миссиясы мамыр айының соңына жоспарланған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу