Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алды

18829
Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алды

FlyArystan Алматыдан елордаға алғашқы жолаушыларды әкеліп, коммерциялық тасымалдауды бастады. 

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы FlyArystan лоукостер қазақстандық әуекомпаниясының алғашқы коммерциялық рейсін қабылдады. Жаңа әуе тасымалдаушы Елбасының бастамасымен ұлттық тасымалдаушы - Air Astana әуе компаниясының жұмыстарының бір бағыты ретінде 2018 жылдың қарашасында құрылған болатын.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алды Авиацияға теңіз флотынан келген дәстүр бойынша әуе компаниясының бірінші рейсін өрт сөндіруші брандспойттардан су шашып қарсы алды. Бұрын ұлттық тасымалдаушының түсімен ұшқан Airbus A320 ұшағы қайта боялып, салоны Ресейдің техникалық орталықтарының бірінде жаңартылғаннан кейін қазақстандық лоукостерге берілді.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыЖаңа тасымалдаушының бірінші рейсін мерекелік таныстыруға «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» басқарма басшысы Ахметжан Есімов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, осы министрліктің азаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер қатысты.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алды«Қазақстанның жас ұрпағына үлкен мобильділік және рейстердің қолжетімділігі керек екенін жақсы түсінеміз. Әуе компаниясының арзан үлгісі бойынша жасалған FlyArystan тап керек  болған кезде пайда болды», - деді Питер Фостер. – Біз ішкі және халықаралық әуе бағыттарында жолаушылар тасымалы айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Аймақтың экономикасының серпінді өсуін байқап, осы дамудың бір бөлігі болуға және ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз».

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстан әуе тасымалы нарығында шығыны аз әуе компаниясының дер кезінде пайда болуы мен маңыздылығына тоқталып:

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі күні өз активінде әуе жолаушылары үшін шығыны аз және өсу қарқыны жағынан классикалық әуе компаниялардан асып түсетін әуе компаниялары-лоукостерлер белсенді дамуда. Бұл үрдістен Қазақстанда тысқары қалмау керек, сондықтан төмен бюджетті FlyArystan тасымалдаушы туристік және іскери белсенділік есебінен халықтың мобильділігін арттыруға мүмкіндік береді»,-деді. .

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыБилет сату басталған бір айдың ішінде FlyArystan-ның алты бағыты бойынша ұшатын рейстерге 45 мыңға жуық билет сатылған. Оның басым бөлігі, яғни 85%-ы – бұл «жүксіз» тарифтер билеті. Әуе компаниясы 2020 жылға дейін еліміздің барлық өңірін бағдарлық желімен қамтуды жоспарлап отыр.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыҚазір  FlyArystan әуе кемелері паркінде төрт Airbus A320 ұшағы бар. Оның екеуі қазір ұшып жүр, таяу арада компания тағы екі ұшақ алады.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алды180 жолаушы сиятын барлық ұшақ белгілі неміс өндірушісінің жаңа креслоларымен жабдықталып, бір санатты құрастыруға ие. Креслолардың арасы 70-82 сантиметр.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыӘуе компаниясының бағдарлық желісін дамыту әуе кемелері паркін ұлғайтуға әкелетіні сөзсіз. 2022 жылға қарай ұшақтар санын 15-ке жеткізу көзделіп отыр.

Тұңғыш қазақстандық лоукостерді қалай қарсы алдыАлдағы уақытта FlyArystan таяу шетелдер нарығына шығуды және 2019 жылды 1 млн тасымалданған жолаушылар көрсеткішімен аяқтауды жоспарлап отыр.

Максим Морозов

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу