Жалт еткен жарқын өмір

21716
Жалт еткен жарқын өмір

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған қатарынан бірнеше шара өтті. 

Өткен жазда орын алған  қайғылы оқиғаны Денис Теннің еліміздегі, сондай-ақ шетелдегі жанкүйерлері әлі күнге көздеріне жас алып еске алады. Жас, дарынды, өмірге ғашық спортшының қазасы тек оның жақындарына ғана емес, еліміз бен әлемдегі мыңдаған адамды сең соққандай қылды.

Жалт еткен жарқын өмір

Қаланың қақ ортасында ұрылардың қолынан ажал құшқан спортшының өлімі халықты дүр сілкіндірді. Денистің жарқ еткен қысқа ғұмыры еліміздің ішкі істер министрлігінде қолға алынып жатқан реформаға түрткі болған еді. 

Жалт еткен жарқын өмір

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегерінің өзі туып-өскен үйінде ескерткіш тақтаның ашылуында аздаған олқылық та орын алғанын несін жасырамыз. Үйдің өтпе жолына орнатылған баннердегі қатені шараға арнайы келген қонақтар да, сол сияқты жерлестеріміз де байқап қалған екен. 

Жалт еткен жарқын өмір

Ескерткіш тақта көңілдегідей болып шыққанымен, оны орнату кезінде бәрібір әттеген-ай болмай қалмады. Себебі оның тым биікке орнатылғаны соншалық, не жазылғанын сатыға шығып оқымасаңыз, көре алмайсыз.Жалт еткен жарқын өмірТалантты спортшыны Денис Теннің өзі мерзімдік борышын өтеген және кейін де келісімшарт бойынша қызмет еткен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлері де еске алды. 

Жалт еткен жарқын өмір

"Ұлттық гвардия лейтенанты Денис Юрьевич Тен Алматы қаласының 7552 әскери бөлімінің сапында қала береді", – деді әскери қолбасшының орынбасары Мұхаметқали Сатов. 

Жалт еткен жарқын өмір

Қазаға ортақтастығын білдірген генерал-майор Денистің әкесі - Юрий Александровичке Денис қайтыс болған соң берілген "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалін табыс етті. 

Жалт еткен жарқын өмір

Өкінішке қарай, Денистің анасы Оксана Алексеевна шараға қатыса алмағандықтан "Отан қорғаушының анасы" медалін де ұлттық гвардия ардагерлері спортшының әкесіне табыс етті.

Максим Морозов

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу