Жеңіс күні Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды

20164

Қала тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 9- мамыр Ұлы Жеңіс күні, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі үшін мақтаныш және шынайы құрмет болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі  жеңіс әрбір қазақстандықтың керемет күш-жігерінің арқасында келгенін атап кетті. Тыл еңбеккерлері, ал бұл майдан шебін қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін күні-түні талмай жұмыс істеген әйелдер, қарттар мен балалар. Елімізде бүкілодақтық мыстың 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60%-ы, металл висмуттың 65%-ы балқытылып, 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалған. Қазақстандықтар майданға қажет 1,5 мың вагон киім мен азық-түлік жинап, 6 млн тонна астық пен 700 мың тонна ет жөнелткен.     

Құрмет қарауылының ротасы жүріп өтіп, Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылғаннан кейін, ҚР Мемлекеттік үрмелі оркестрі өз бағдарламасын ұсынып, дала асханасы жайылды. Саябақ аумағында ретро автокөліктер қойылып, тақырыптық шағын сәулет орындары қойылды.

Қала көшелерімен «Мәңгілік Даңқ – Бессмертный полк» шеруі өтті.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу