Қазіргі күні еліміздегі мал өсірумен айналысатын ірілі ұсақты шаруашылықтар өз қарамағындағы мал басын арттырып қана қоймай, оны асылдандыру арқылы мол пайда табудың жолына көшті. Әрине, асыл тұқымды малды сатып алудан бастап, оны өсіріп, будандастырып, алынған төлді күтіп баптаудың өзі қажырлы еңбекті талап етеді. Бірақ, сапалы жем-шөп пен жақсы күтімнің арқасында тез жетіліп, пайдаға асқан мал басы аталған шығындарды жауып, қосымша пайда көзіне кенелтеді дейді мамандар.
Студия қонағы "Атамекен" ҰКП Жанындағы «Агробіліктілік» орталығының сарапшысы - Бауыржан Құрманов.
Жүргізуші: Тілеген Әбішев.