АҚШ пен Қытай сауда соғысының салдарынан әлемдік экономика $700 млрд шығынға ұшырауы мүмкін

Сирияға барып, содырлармен бірге соғысқан 14 отандасымыз сот алдында жауап беретін болды. Осы аптада Қазақстанның арнайы қызмет өкілдері елге қайтарылған күдіктілерге қатысты тергеудің толығымен аяқталғанын ресми мәлімдеді.

Бүгінде қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілген. Ал бұл уақытта Сирияда тұтанған жаңа, қырғи-қабақ соғыс өрті өршіп барады. Түркия теріскейдегі күрдтерге шабуыл жасап жатыр. Десек те астан-кестеңі шыққан Алеппо еңсесін тіктеп, ертеңгі күнге батыл қадамдар жасай бастады. Мұнда осы жұмада бірнеше ғасырлық тарихы бар көне шығыс базары өз жұмысына қайта кірісті.

Ежелден бері қырық-пышақ боп келе жатқан дұшпандарымен жауласуды тоқтатпай, керісінше жалғастыратынын Реджеп Тайип Ердоған түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде мәлімдеді. Бакудегі кездесуді әріптесім Айбек Құрмет мұқият бақылады. Халықаралық шолушы мәселенің жай-жапсарын сәлден кейін айтып береді. Гонконгтен де тыныштық кетті. Бұл жолы көтерілісшілердің қатарына Парламент депутаттары қосылып, атқарушы биліктегі басшының отаставкаға кетуін талап етіп жатыр. Дөңгеленген дүниенің өзге бөлігінде – Барселонада – азаттықты аңсаған жұрт Испаниядан іргесін аулақ салуды қалап, көшелерде бас көтерді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу