Әлемнің 72 елінде жүрген 4653 қазақстандық елге оралу үшін көмек сұрауда

КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА. Төмен көрсеткіштер карантиннен бас тартуға себеп емес. Әлем елдерінің үкіметтері пандемияның екінші толқынын болдыртпауға тырысуда. 

ТОҚАЕВ ПЕН ПУТИН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. Әңгіменің егжей-тегжейі жария етілген жоқ. Біз Ақорда және Кремль сайттарындағы ақпараттарды салыстырдық. Мемлекет басшылары не туралы сөйлесті? Бүгін білетін боласыздар.  

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ ТАҒЫ СЫННЫҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ.  Дегенмен олар берілер емес. ДДСҰ-ның сарапшылары Еуропадағы пандемияның қорытындыларын жариялады. Әрі қарай не болмақ? 

ЖАҒДАЙДЫҢ ТҰТҚЫНЫНДА ҚАЛҒАНДАР. 100-ден астам қазақстандық азамат карантиннің кесірінен Монғолиядан шыға алмай отыр. Қазақстанның СІМ оларды 10 маусымға дейін қайтарамыз деп уәде беруде. Әлемнің өзге елдерінен үйлеріне орала алмай отырған отандастарымыздың саны қанша? Мәселенің мән-жайын Айбек Құрмет анықтады.

ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ. Путин ұзаққа созбай Жеңіс шеруін өткізуді ұйғарды. Президент үшін тіпті елдегі вирус жұқтырушылар санының күн санап өсуі де кедергі болмады. Бұл идеяға ресейліктер қалай қарайды? Біз білеміз.

АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ.  Сібір хайуанаттар бағының жануарлары келушілерді сағынды. Ал бақылаушылардың айтуынша тіршілік иелері  төлдеп, бейби-бум болуда. Жан-жануарлардың  карантинді қалай өткізіп жатқанын бүгін айтамыз?   

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу