БРИТАНДЫҚ БАҚ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ НЕ ЖАЗЫП ЖАТЫР?

Түтінге тұншыққан Алматы.  Bloomberg Қазақстандағы экологиялық проблеманы көтерді. Aircaz сайтының негізін қалаушы Блумбергке сұхбат беріп, мегополистегі ауаның ластану себептері және мәселенің шешу жолдарын жіпке тізді. Толығырақ сәлден соң тарқатамыз.  

Атың шықпаса, жер өрте. Сиырды ғимараттың төбесіне көтерген қазақстандық құрылысшылар британдық баспасөздің назарына ілікті. Беделді басылымдар қазақ құрылысшылары туралы не дейді және ғимарат  басшылығы айыппұл төлей ме? Бүгін айтамыз.

Марстан келген сурет. NASA-ның алғашқы зертханасы Қызыл жұлдыздың бетіне сәтті қонды. Марста өмірдің ізі бар ма және тарихи жобаға қанша ақша кетті? Сәлден соң білесіздер...  

Пандемия қашан бітеді? Сарапшылар әр түрлі болжамдарын жариялай бастады. Ал вирустың неден шыққанын зерттеп жүрген ғалымдар алғашқы деректерін  қашан бөліседі? Шынында, вирусты таратқан кім?  Бұл туралы  сәлден соң Әлия Текенова тартқатады.  

Жер бетінде тыныштық орнады. Ғалымдар, қалалардағы шу төмендеді деп мәлімдеді. Әлем неге тынышталды және  жер сілкінісі неге қаттырақ сезілуде? Біз айтамыз.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу