Панацея. Қазақстандық ғалымдар пневмонияға қарсы ем ойлап тапты. Дәрі-дәрмек қашан және кімдерге беріледі? Барлық сынақтардан өткен препарат туралы бүгінгі хабарымызда айтамыз.
Екпеге жеңілдік. Өндірушілер коронавирустан қорғайтын вакцинаның шамамен қаншадан сатылатынын хабарлады. Әр мемлекетте баға да әртүрлі болмақ. толығырақ Әлия Текенова айтып береді.
Жаңа карантин, ескі ереже. Ұлыбританияның солтүстігінде локдаун қайта жарияланды. Ал Үндістанда науқастардың саны көп болғанына қарамастан елде карантин режимі жұмсартылып жатыр. Бүгінгі хабармызда толығырақ.
Екінші толқын болмайды, ал біріншісі аяқталмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның жаңа толқыны туралы мәселеге нүкте қойды. Адамдар коронавирусқа көнуі қажет, дейді олар. Себебі бұл індет ұзаққа созылуы мүмкін. Толығырақ шығарылымда.
Білімдегі шикілік. Студенттермен оқытушылар онлайн оқудың олқылықтарын тізіп айтты. Әлемдік ЖОО мұғалімдері, ата аналар мен тәлімгерлер қашықтан оқудың тиімсіз тұстарын ашып айтты.
Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз. Италияда 96 жасар қарт студент университет тәмамдап, қолына дипломын алды. Зейнеткер бұл қадамға неге барды және ерекше студент жайлы оның ұстаздары не айтпақ?