ЕЛІМІЗДЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

Беларусь мемлекетінің тұрғындары митинг кезінде жоғалып кеткен туыстарын іздейді. Елде  наразылық  жалғасуда. Қазақстандықтар  Минскіде тұратын жақындары үшін   алаңдаулы. Куәгерлердің көрген білгендері - бүгінгі хабарда.  

Алауыздық вакцинасы.  Путин Ресейдің COVID-19-қа қарсы вакцина жасағандығын мәлімдеп, әлемге жар салды.  Сенсациялық жаңалық әлемді екіұшты ойға қалдырды.  Неліктен ресейлік ғалымдардың жұмысы күмән  тудырды? Вакцинаның құны қанша? Және оны Қазақстан қашан сатып ала алады?    бүгін айтамыз. 

Карантиннен кейінгі аспан.  Қазақстанда әуе рейстері қыркүйек айында қайта ашылады. Ал 17 тамыздан бастап, карантин шаралары әлсірейді. Одан кейін елде қандай өзгерістер болмақ?   Айбек Құрмет баяндайды. 

Талибандар тәуелсіздігі. Ауғанстан президенті тағы 100 содырды түрмеден босатты.  Рақымшылық жасау қаупті ме?  мұның бәрі неге апарады?  Талдаймыз. 

Карантин тұтқындары.  Калифорниядағы 60 000 бала  көмекке мұқтаж. Бұл проблеманы   New York Times газетінің алғашқы бетіне көтерген қазақстандық журналист  Ақсауле Әлжан бүгін тікелей байланысқа шығып, мәселенің мәнісін айтып береді. 

Жаңбыр астындағы би. Нигериялық жасөспірім бейнекамера алдында балет билеп,  бүкіл әлемге танымал болды.  Нигериялық оқушының биі оған мүмкіндіктер сыйлады?  Бүгін айтамыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу