Қарабақта бұрыннан келе жатқан жанжал қайта өршіп кетті. Баку мен Ереван соғыс жағдайын енгізді және ымыраға келер емес. Екі елдің сыртты істер министрлігінің эксклюзивті мәлімдемелерін назарларыңызға ұсынамыз.
Тату болайық. Әлемдік қауымдастық Баку мен Ереванды келіссөздер үстеліне отыруға шақырады. Қарабақтағы оқиға туралы аптаның ең басты жаңалықтары – мәлімдемелер, ұстанымдар мен ұсыныстарды Айбек Құрмет тарқатады.
Татулықты қаласаң – соғысқа дайын бол! Әлемдегі ең үлкен қорғаныс ұйымы НАТО Нобельсыйлығын алуға үмітті. Аталған Альянс не үшін құрылған? Қазір ол қандай қызметтер атқарып жүр? Еске аламыз.
Болмасын соғыс. Түркия мен Грекия бейбіт келіссөздерге кірісті. Қақтығыс қалай шешілді және Анкара Парижмен қарым-қатынасты неге бұзды? Мен талдауымда таратып айтамын.
КОРОНАвирус. Бірақ тәждің орнына – бейсболка. Трамп сайлауға қатысушыларға республикашылардың белгісі бар бас киімдер сыйлады. Кейіннен өзінен коронавирус табылғанын мәлімдеді. Трамп қауіпті инфекцияның өз электоратына жұқтыруы мүмкін бе? Бүгін айтамыз.