ҚАЗАҚСТАНДА КАРАНТИН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН СОЗЫЛА МА?

Жаңа ереже.  Брюссельде Еуроодақ басшылары кездесу өткізді. Тараптар бұл жолы тек алыстан қол сермеп қана амандасты. Жиында талқығы түскен тақырыптар қандай?

Әлем өзгерді.  БҰҰ-ның Бас хатшысы адамзатты жаңа өмірге дайындалуға шақырды. Енді бұрынғыдай   болмайды. Бұнымен  Гутерриштің не айтқысы келді? Және қалай әрекет етуді ұсынады? Толығырақ бүгін.

Жаныңдағыға жәрдем. Қазақстан өкпені жасанды жолмен желдету аппаратарын іргелес жатқан мемлекеттерге жіберіп жатыр. Өзімізге жетпей жатқанда өзгені жарылқау қаншалықты дұрыс? Елдегі дәріханаларда қажетті дәрі дәрмек қашан болады? Айбек ҚҰрмет баяндайды

Қуануға ерте. АҚШ пен Латын Америкасында індет жұқтырғандар   саны күрт өсуде. Коронавирус бүкіл әлемді жайпап барады. Құрбандар саны да көбейген.    Толығырақ шығарылымда. 

Жаңа ұсыныс. Медицина ғылымдарының докторы Қазақстандағы карантинді жыл соңына дейін созу керек дейді. Үкіметтің шешімдерімен сақтық шараларын ұстанбау туралы бүгін мамандар сөйлейді.

Сиқырлы шындық. Дисней кейіпкерлері  ең танымал аттракциондар паркінде балаларды қашықтық сақтауды және қауіпсіздік шараларын үйретеді. Флоридадан жеткен  кадрлары бүгін көрсетеміз. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу