* Қазақстанда «коронавирусты жұқтырды» деген күдікпен 40-тан астам адам ауруханаға жатқызылды. Бұл уақытта Қытай жаңа сырқатпен күрес үшін, шамамен, 4 млрд доллар бөлетін болды. Аспан асты елінде инфекция жаппай таралып жатыр. Науқастар, тіпті, Тибет аймағынан да анықталуда.
* Коронавирус географиялық ауқымын кеңейтуде – 1 ақпандағы дерек бойынша, 23 мемлекетте қауіпті дерт жұқтырғандар тіркелді. Қазақстандық дәрігерлер мен үкімет қауіпті вируспен күресуге қалай дайындалуда ?
* Қазақстан Уханьда қамалып қалған студенттерді елге қайтарады. Жауапты ведомство инфекцияның ошағы саналатын аймақтан қазақстандықтарды осы аптаның соңына дейін эвакуациялайтынын хабарлады.
* Қытайдан оралғаннан қазақстандықтардың жағдайы қалай? Бүгінгі хабарда айтамыз. Алдағы жарты сағатта бір аптада әлем қалай өзгергенін баяндаймыз.