МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ МЕ? Қарабақты қайтару туралы келісім Арменияда жаппай наразылық тудырды. Ресей мен Түркия 5 жыл бойы келісімдердің сақталуын қадағалайды. Таулы Қарабақта бүгін не болып жатыр және мұның бәріне Қазақстанның көзқарасы қандай? Жоғары деңгейде қабылданған шешімдер туралы Айбек Құрмет айтып береді.
ҚУАНУҒА ӘЛІ ЕРТЕ. Әлем елдерінің көшбасшылары Байденді жеңісімен құттықтауға кірісті, Трамп соттасуға дайындалып жатыр. Қазіргі Президент сайлаудың әділ нәтижелерін талап етуде. Демократқа құттықтау жеделхаттарын кім жіберді, ал кім қалыс қалды, неге? Мұхит арғы жағында болған сайлаудан кейінгі ахуал Әлия Текенованың назарында.
КРЕМЛЬ – БАЙЛАНЫСТА. Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлескені рас па? Екі президент не жөнінде әңгімелесті? Ақорда мен Кремльдің ресми сайттарында жарияланған баспасөз мәліметтеріне зер салдық. Түйгенімізді хабарымызда ұсынамыз...
ҮЙДЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНГЕ САЛЫҚ САЛЫНБАҚ. Пандемия кезінде фрилансерлерге төлемдерді төлеуді кім ұсынды? Осындай қадаммен қай ел өз қазынасын толтырмақшы? Үйден шықпай еңбек еткен қызметкерлерден қанша пайда түседі? Алда айтамыз...
АЙЫ ОҢЫНАН ТУМАДЫ. Ресейлік вакцина сәтсіздікке ұшырап жатыр. Алтайда «спутник Ви» екпесін салдырған дәрігерлер каронавирус жұқтырды. Маңызды ақпарат – бағдарлама барысында...
МОЙЫНДАУ ҚҰПИЯСЫ. Рим-Католик шіркеуінің айналасында тағы да жанжал шықты. Бұл жолы кәмелетке толмағандарды қорлады деп кім айыпталуда? Ватикан маңайында тіркелген балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың атышулы жайттарын менің сараптамамда еске түсіреміз...