ҚУАНУҒА ӘЛІ ЕРТЕ! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эпидемияға бола үрейленбеуге шақырып жатса, Қытайда коронавирустан аурухананың бас дәрігері қайтыс болды. Бұл туралы хабар барысында...
ҚҰПИЯ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ. БиБиСи Шыңжаң лагерлері туралы құпия құжаттарды әзірледі. Қытайдағы қысым көріп отырған мұсылмандар, қазақтар мен ұйғырлар жайлы не делінген? Айтамыз..
АҚИҚАТҚА ЖЕТТІ! Аспан асты елінде коронавирустың шығу себебін зерттеген журналистер ізім-ғайым жоқ болып кетті. Бұл іске кімдердің қатысы бар? Әлия Текенова толықтырады.
БАС ТАРТАЙЫҚ. АҚШқа Сириядағы Астана процесінен бас тартуды ұсынды. Вашингтон бұл идеясын қалай түсіндірді? Айбек Құрмет анықтап көрген еді.
ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ. Қазақстан қай орынға жайғасты? Әлем бойынша, қандай елдер жұмыс күшін экспорттауда көш бастап тұр? Жауап алдағы жарты сағатта...
БЕЙБІТШІЛІК НЫШАНЫ. Араб Әміроліктері Қазақстанға 1 миллион доллар берді. Оны еліміз қандай мақсаттарға жұмсамақ. Тілшілеріміз жауап іздеп көрді.