• СӨЗДЕН ІС-ӘРЕКЕТКЕ. Салалық кооперация да, инфрақұрылым да жоқ. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары ЕАЭО-ны сынға алды, Ал Путин мен Пашинян газ тарифтерін талқылады. Сейсенбіде жоғары кеңестің онлайн-отырысы өтті. Еуразиялық экономикалық одақ қалай дамиды, ол кімге қандай пайда әкеледі?
• ҚОНАҚҚА – ҚҰРМЕТ. Көкшетауда жолдар жөнделіп, әуежай ғимаратында құрылыс жүріп жатыр. Жергілікті билік өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындалуда. Қазақстан мен Ресей басшылары осы күзде кездесуге ниетті. Форумның күн тәртібінде не айтылуы мүмкін? - сарапшылардың пікірі.
• ҚАСТАНДЫҚ! Трамп ДДСҰ мен Қытайды әлемге індетті таратты деп айыптады. Сөзінше мұның бәрі - қастандық. Алайда дәлел жоқ. Әлия Текеова толығырақ.
• БІР СӘТ ТЫНЫШТЫҚ. Пандемиядан әбден зәрезап болған әлем халқы жынданудың алдында тұр. Кейбір елдердерде дүрбелең болып жатыр. Сарапшылар әлемдегі әртүрлі елдердегі невротикалық күйзелістер суицид пен жаппай тәртіпсіздікке апаруы мүмкін деп болжап отыр.
• ӘМИЯНДЫ АШАТЫН КЕЗ КЕЛДІ. Қазақстанда экономиканы қолдау үшін ресурстар жеткілікті ме? Осы уақытта әлемдегі кейбір ірі компаниялар елден кетіп жатыр. Неліктен шетелдік инвесторлар Қазақстанға қызығушылық танытпайды? Алдағы жарты сағатта.
• ӨЗІҢДІ ЖАТТАЙ СЫЙЛА... Вашингтон Таймс беттерінде Қазақстанның COVID-19-мен күресі туралы мақала пайда болды. Материал авторы - еліміздің АҚШ-тағы елшісі.