Ғасыр-ғұмыр. Ұлыбритания патшайымының жұбайы, Ханзада Филипп өмірден озды. Ол екі айдан кейін 100 жасқа толар еді.
Әйелдер құқығы талқыланған кеңесте әйел-саясаткер орынсыз қалды. Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге орындық қойылмағанын әлем талқылауда. Ал, Ердоған диктатор деп атаққа ие болды. Ердоғанды бұлай атаған кім және не үшін, бүгін білесіздер..
Дағдарысқа қарсы екпе. Әлемдік экономиканың қалпына келуі вакцинациға байланысты болмақ. Сонымен, жахандық экономика пандемияға дейінгі деңгейге қашан оралады? Әлия Текенова толығырақ тарқатады.
Мен сенің жағыңдамын. АҚШ Украинаны Ресейдің агрессиясына қарсы іс қимылда жалғыз қалдырмауға уәде берді. Ал Владимир Путин Ангела Меркельмен сөйлесті. Билік басшылары телефон арқылы не туралы тілдескенін бүгін айтамыз.
Үйінді астында қалған театр. Соғыстан кейін алғаш рет Ирактің Мосул қаласында театрлар өз есігін ашты. Ұзақ уақыт бойы соғыстан көз ашпаған көрермендер эмоциясын жасырмады. Бұл туралы хабарымыздың соңында.