УХАНЬНАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

ЕС ЖИІП ҮЛГЕРМЕДІ. Сарапшылар коронавирустың екінші кезеңі жақындап келетінін болжады. Тақырыпты Әлия Текенова толықтырады.
АДАМ ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ. Уханьнан келген ресейліктер эвакуация шараларына көңілі толмайтынын айтып, шу шығарды. Науқастар Түмен ауруханасын видеоға түсіріп, адам шошырлық жағдайын жариялап жатыр. Жаға ұстатарлық кадрларды хабар барысында көрсетеміз.
АПТА  САПАРЫ. Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ат басын бұрды. Ресми өкілдердің сапарына әріптесім Айбек Құрмет талдау жасайды...
СӘТСІЗ ҚОНДЫ. Стамбулда жолаушыға лық толы ұшақ апатқа ұшырады. Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы сәлден кейін...
РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ. Қазақстанға Халықаралық ғарыш станциясының экипажы бар капсула қонды. Бүгінгі хабарымызда ғарышта болған әйелдердің жетістіктері туралы айтып береміз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу